Темір аудандық мәслихаты

Аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясы

Қалауын тапса қар жанар 

       Үстіміздегі жылдың 12 маусымында аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші  сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ізбасов Боран Оңғарұлы мен аудан әкімі орынбасары  Жандаурен Баймағанбетұлы Қойшыбаев,бөлім , мекеме кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияна №10 сайлау округінің депутаты Г.Қалиева жүгрізді.

Подробнее...

 

Кезекті сессияның кезек күттірмейтін жүгі

все фото

2020 жылдың 12 наурызында аудандық мәслихаттың кезекті 50-інші сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 409 «2020-2022 жылдарға арналған Темір ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы қаулысының Темір ауданында орындалу барысы туралы мәселе қаралып бюджет қаражатының ауданның әлеуметтік саласына жұмсалатыны депутаттар атынан қолдау тапса, екінші мәселе бойынша өңірдің дамуы жөнінде атқарылған шаралар аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевтың баяндамасында толық көрініс тапты.

Подробнее...

 

ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНА 25 ЖЫЛ

25 ақпан күні мемлекеттік биліктің - бірден бір қайнар көзі, халықтың өкілді органдары - Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 - жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шараға Темір ауданының әкімі, Темір аудандық мәслихатының ардагерлері, әр жылғы шақырылым депутаттары және осы күнге дейін аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін абыроймен атқарған бірқатар азаматтар қатысты. Шарада аудан әкімі Ж.Н. Қалмағанбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарып, тұрмыс-тіршілігінің нығаюына ат салысып жүрген депутаттарды құттықтай отырып, біртоп азаматтарды  Қазақстан Республикасының мәслихаттарының 25 жылдық медалімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік концерттік бағдарлама барысында қазақтың ән-күйлері орындалып көрермендерге әдемі көңіл күй сыйлады.

Подробнее...

 

Семинар

2020 жылдын 30 кантарында аудандык маслихат хатшысы Б.Ізбасов " Аудандық маңызы бар қала ауылдық округ бюджетін қалыптастыру туралы семинар кеңес өткізді. СЕМИНАРҒА аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев пен округ әкімдері және олардың есепші мамандары мен қоғамдық кеңес төрағасы М.Қабылов қатысты. СЕМИНАРҒА қатысқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев пен аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Д.Қалмағамбетова. бас маман Г.Мандаева баяндамалар жасады.

Подробнее...

 

Сайлау

2019 жылдың 12 қарашасында сағат 10-00 Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша депутаттар-таңдаушылар отырысы өтті.

Сайлау процесіне, барлық кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

Әкімдікке кандидаттар ретінде аудан әкімі Ж. Қалмағамбетовтің ұсынысы негізінде Жақсымай ауылдық округінің әкімдігіне 2 азамат ұсынылды.

Подробнее...

 

Мақала сессия


2019 жылғы 31 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті. Сессияны № 8 сайлау округінің депутаты Т.Оспанов төрағалық етті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихаттың он бір депутатының оны қатысты.

Подробнее...

 

Сессия

2019 жылдың 31 қазаны күні Темір аудандық маслихаты депутаттарының қатысуымен Темір ауданының Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарына кандидаттармен кездесу өткізілді.

Отырыста Жақсымай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Базылбеков Аманбек Кенжеғараұлы мен Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы және Кеңкияқ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Қуанов Жайық Ертілеуұлы мен Өтегенов Макар Меңдіғалиұлы депутаттар алдында өз бағдарламаларымен таныстырды.

Подробнее...

 

2019 жылдың 17 қазанында сағат 9-00 Ақтөбе облысы Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша депутаттар-таңдаушылар отырысы өтті. 

Сайлау процесіне кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

Алтықарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер ретінде барлығы 2 үміткер тіркелді, олар:

1. Алишев Мақсот Жұмайұлы. Жоғары білімді, мамандығы мұғалім, Темір ауданы Алтықарасу мектеп-балабақшасының директоры, Темір ауданы Алтықарасу ауылының тұрғыны.

2. Мауениязов Есбол Бердімұратұлы. Жоғары білімді, мамандығы мұғалім, Темір ауданы Сартоғай орта мектебінің мұғалімі, Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны.

Сайлау науқаны барысында және сайлау процесі кезінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдардың барлық талаптары сақталды. 

2019 жылғы 17 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы болып өтті. Сессияны № 8-ші сайлау округінің депутаты Т. Оспанов жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, мекеме кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихаттың он бір депутатының оны қатысты.

Подробнее...

 


Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері

gerb_kz