Темір аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы отырысының хаттамасы

№1 

2020 жыл                                                          Шұбарқұдық кенті

5 қазан                                                              Сағ: 9.00 

        Б.Ізбасов – Темір аудандық мәслихатының хатшысы, Темір ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы:

       Құрметті жұмыс тобы мүшелері! Темір ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына мүшелер толық қатысып отыр. Отырысты өткізуге толық мүмкіндік бар.

       Отырыстың күн тәртібіне бір ғана мәселе енгізіледі. 

 

Күн тәртібі:

  1. Темір ауданының Қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына жарияланған конкурсқа қатысушының кандидатурасын қарау туралы. 

Кімде қандай ұсыныс бар? Қарсы, қалыс – жоқ.

Күн тәртібі бекітілді.

Құрметті қоғамдық кеңестің жұмысшы тобы мүшелері Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңының 15 бабына сәйкес аудандағы қоғамдық кеңес төрағасы Қабылов Мұхит Қабылұлы денсаулығына байланысты 15 қыркүйектен бастап қоғамдық кеңес құрамынан шығу туралы өтінішін берді. Осыған сәйкес аталған заңның 9 бабы 1 тармағына сәйкес аудандық «Темір» газетінің 16 қыркүйектегі №38 санына  және Темір аудандық мәслихатының интернет ресурсына «Темір ауданының Қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына конкурс өткізу» туралы хабарландыру жарияланған болатын. Жарияланған конкурсқа бір ғана өтініш келіп түсті.

      Яғни, Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны зейнеткер Төлеуов Еспағанбет Дүйсенғалиұлы өзін өзі ұсынып,өтініш берген.

       Сіздердің назарларыңызға Заңның Қоғамдық кеңестерді құру тәртібі туралы 3 тарау 25 бабына сәйкес кандидаттың құжаттарын талқылауға шақырамын.

Сөз кезегі  Темір ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру  жөніндегі жұмыс тобының  хатшысы  Б.Шаимовқа беріледі.

Б.Шаимов: Құрметті жиынға қатысушылар !                                               

      Соттылығының болмауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі еместігі және психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөніндегі e gov порталынан 21 қыркүекте алынған анықтамаларды ұсынамын. Сонымен қатар кандидат туралы мәліметті таныстырып өтейін (кандидаттың өмірбаян деректері, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтермен таныстырды)

 Кімде қандай сұрақ болады?

   Б.Ізбасов:

   Ендеше, жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және қатысушы кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

Темір ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне төмендегі  азаматтан түскен  өтінішімен бірге кандидаттың өмірбаян деректері, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді естідіңіздер.Талқылаудан кейін кандидатқа ашық дауыс беретін боламыз.

Аты жөні

Туған күні

Мекен жайы

Ұйымдардың атауы

1

Төлеуов Еспағанбет Дүйсенғалиұлы

18.01.1955

Шұбарқұдық кенті Қызылжар м. а. Астана көшесі

Өзін-өзі ұсынған

 Дауыс беру нәтижелері бойынша: 

Аты жөні

Жақтады

Қарсы

Қалыс

1

Төлеуов Еспағанбет Дүйсенғалиұлы

7

Жоқ

Жоқ

 Отырыс ШЕШІМ ЕТТІ:

  1.  Ең көп дауыс жинаған кандидат Төлеуов Еспағанбет Дүйсенғалиұлы жеңімпаз болып танылып, Темір ауданының Қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына мүше болып сайлансын. 
  2. Темір ауданының қоғамдық кеңесінің құрамы аудандық мәслихаттың сессия отырысына бекітілуге ұсынылсын және аудандық мәслихаттың интернет- ресурсында орналастырылсын.

       3.   Темір ауданының Қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша шығарылған хаттама  одан әрі шаралар алу үшін аудандық қоғамдық кеңеске жолдансын.

  Отырыстың төрағасы                                         Б.Ізбасов

 Хатшы                                                                  Б.Шаимов  

 --------------------------

Темір аудандық Қоғамдық кеңесі отырысының

Хаттамасы №3

Шұбарқұдық кенті                                                                   6 қазан  2020 жыл

                                                                                              Сағ: 10:00

Төрағалық етуші:      Н.Өтепов – Темір аудандық қоғамдық     кеңесін төрағасының міндетін атқарушы.

Төралқа мүшесі.

Қатысқандар:                      Қоғамдық кеңес мүшелері                                            

 

      Н.Өтепов- Темір аудандық қоғамдық кеңесі  төрағасының міндетін атқарушы. Төралқа мүшесі.

- Құрметті аудандық қоғамдық кеңес отырысына қатысушылар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысы негізінде аудандық қоғамдық кеңестің қызметі үйлестірілуде.

Бізге Темір ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2020 жылғы 5 қазандағы№1 хаттамасы келіп түсті.

     Осыған сәйкес аудандық қоғамдық кеңестің отырысын өткізгелі отырмыз. Оған аудандық қоғамдық кеңес мүшелері шақырылып отыр. Отырысты ашуға кворум сақталған, отырысты өткізуге толық негіз бар. Кімде қандай ұсыныс болады.

Ашылсын- деген ұсыныс түсті.

Олай болса отырыстың күн тәртібіне бір мәселе ұсынылады:

1.Темір аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіне кімнің алып қосатыны бар?

Қарсы ,қалыс жоқ. Күн тәртібі бекітілді.

Н.Өтепов: -Қоғамдық кеңескеаудандық мәслихат хатшысы, қоғамдық кеңесті қалыптастырушы жұмысшы тобының төрағасы Б.Ізбасовтың заңдылықтарға сәйкес денсаулығына байланысты өз еркімен қоғамдық кеңес төрағалығынан үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен бастап қызметінен босаған М.Қабыловтың орынына конкурстық негізде осы ауданның азаматы, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Е.Төлеуовты көпшілік дауыс негізінде  қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлағаны туралы хаттамасы келіп отыр.

        Осыған орай «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабына сәйкес отырысқа қатысып отырған Қоғамдық кеңестің мүшелері өз арасынан мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі, беделді азаматтардан Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлайды делінген. Кімде қандай ұсыныс бар.

         Д.Алмағамбетова- Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі.

         - Темір аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасына ауданымызға еңбегі сіңген, белгілі, зиялы азамат, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлының кандидатурасын  ұсынамын.

        Н.Өтепов- Темір аудандық қоғамдық кеңесі  төрағасының міндетін атқарушы. Төралқа мүшесі.

    -  Темір аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне сайлау үшін ұсынылған Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлының кандидатурасын дауысқа саламын.

     - Қарсы- жоқ.

     - Қалыс- жоқ.  

     - Дауыс бірауыздан қабылданды.

Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

       Сөз аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлына беріледі.

       Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлы - Темір аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

    Менің аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне сайлануыма байланысты, Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта Сіздермен бірлескен түрде қызмет атқара отырып, жинақталған бар тәжірибемді ауданымыздың әлеуметтік –эканомикалық дамуы жолында, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қатысты жұмыстарға жұмсайтын боламын.

 Темір аудандық қоғамдық кеңесі шешім етеді:

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағы негізінде Төлеуов Еспағамбет Дүйсенғалиұлы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайлансын.
  2. Қабылданған шешім  бұқаралық ақпарат құралдарында және тиісті интернет ресурстарында жариялансын.

     Осымен күн тәртібіндегі  мәселе толығымен қаралды.

Кімде қандай ұсыныс, сұрақ бар? Ұсыныс, сұрақ жоқ.

Олай болса Темір аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысын жабық деп жариялаймын.

 

Темір аудандық қоғамдық кеңесі  төрағасының

м. а. Төралқа мүшесі.                                               Н.Өтепов

 

      Темір аудандық Қоғамдық

 кеңесінің хатшысы                                                  А.Амангелді. 

Қоғамдық кеңес төрағасы сайланды. 

    2020 жылғы 6 қазанда Темір аудандық Қоғамдық кеңесі отырысы болып өтті. Отырысты Темір аудандық қоғамдық кеңесі төрағасының міндетін атқарушы, төралқа мүшесі Н.Өтепов ашып, жүргізді.

     Отырыстың күн тәртібінде аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз ішінен төраға сайлау мәселесі қаралды.

   Көпшілік дауыс негізінде  басқа жерге қоныс аударуына байланысты өз еркімен қоғамдық кеңес төрағалығынан үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен бастап қызметінен босаған М.Қабыловтың орынына конкурстық негізде осы ауданның азаматы, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Е.Төлеуовауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

    Төлеуов Еспағамбет Дүйсенбайұлы 1955 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Еңбек жолын 1972 жылы Темір ауданының Октябрь совхозында трактор бригадасының есеп жүргізушісі болып бастап, әр жылдары агроном, совхоз директорының орынбасары, Алтықарасу селолық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 2012 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Аудандағы Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.2003,2012 жылдары ауданның «Жыл адамы» номинациясын жеңіп алды.

III дәрежелі «Еңбек даңқы» медалінің иегері. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Астана қаласының 20 жылдық медалімен, ауыл шаруашылық министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Өмірден көрген, түйгені мол тәжірибелі маман, өнегелі отбасы. Балалары, немере- жиендері бар.    

Темір ауданының Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру  жөніндегі жұмыс тобының

хатшысы                                                                                   Б.Шаимов