Темір аудандық мәслихаттымен қабылдаған аса маңызды нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру туралы.Орнатылды;02.07.2018

Аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс

 

Аудандық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс 

Ж О С П А Р Ы  

Темір аудандық  мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын  регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін  білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. 

         Атқарушы органдармен, барлық меншік  үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отыра, Темір аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды: 

         -ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға; 

         -Қазақстан Республикғасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге; 

         -аудандық мәслихат депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық, жұмыстарының нәтижелігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде  демократиялық қағидатттарды сақтауға;

         - аудандық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға; 

         -тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға; 

         -ауданда заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге; 

         -қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.