АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес әр түрлі себептермен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына кандидатураларды ұсыну басталғанын хабарлайды.
Әрбір саяси партия және өзге де қоғамдық бірлестіктер олардың құрылымдық бөлімшелері, бос орындар бар сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия, осы партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Ұсыныс жасаған кезде төмендегідей құжаттар жіберіледі:
1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелерінің кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасының көшірмесі;
2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініші.
Ұсыныстарды тапсырудың мерзімі бір ай: 2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап 18 қазанға дейін.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Темір аудандық мәслихаты
Шұбарқұдық кенті
Желтоқсан көшесі, 8 каб.16
Байланыс телефондары: 2-26-31, 2-25-71
|